Тұрғындар тілегі партия назарында

Тұрғындар тілегі партия назарындаҚызылордада «Есіктен – есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаты, «Теміржол» партия филиалының  төрағасы  Аманкелді Арысбаев №19 «Теміржол» сайлау округі тұрғындарымен кездесті. Акция мақсаты – «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген  негізгі міндеттерді жүзеге асыру. Яғни,   тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік аз қамсыздандырылған  тұрмысы төмен отбасыларға,  мүгедек жандарға көмек көрсету. 
Аманкелді Арысбаев алдымен Тәжібаев көшесі №13 үйдің  тұрғыны Қосанова Ақнұрдың үйінде болды. Жүрек талмасынан инсульт алған 70 жастағы ана Ақнұр бір қол, бір аяғынан айырылған. 2010 жылы туған Елубай Нұрқожа есімді немересі де  1,5 жасында сал ауруына шалдығып, бүгінге дейін аурудың зардабын шегуде. Қарт ана  халық қалаулысына партия  тарапынан жасалып отырған қолдаудың зор екенін жеткізіп, алғысын білдірді. 
«Бұл отбасы  нұротандықтардың  назарында. Бұған дейін де «Теміржол»партия филиалы  тарапынан қолдау көрсетіліп, қарт ана мен оның  немересі Нұрқожаға  сауықтыру орындарында ем алуға қолдау көрсеттік. Алдағы уақытта да  мүмкіндігінше ем алуға жағдай жасаймыз», – деді  халық қалаулысы Аманкелді Арысбаев.
Онан соң облыстық мәслихат депутаты Сүлейменов көшесі №70 үй 83 пәтер тұрғыны Құлымбетова Софияның отбасында болды.  Төсек тартып калған 94 жастағы әжей қызы Зәуренің қарауында екен. Зәуре бүгінде тұрақты жұмысын тастап,  анасы мен  28 жасар мүгедек баласына қарап отырғанын айтты. Сонымен қатар баласы мен анасының мүгедектігіне төленетін қаржы дәрі-дәрмек пен азық-түлікке  аздық ететін жеткізіп, қаржылай көмек сұрады. Мәслихат депутаты Зәурені әлеуметтік жағынан  қолдап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Шара соңында халық қалаулысы өз сайлаушыларымен тұрғын үй ауласында жүздесіп, олардың талап-тілектеріне құлақ салды.Тұрғындар көбіне үйге күрделі жөндеу қажеттігін, құбырлардың ескіруінен жоғары қабатқа ауыз судың көтерілмей отырғанын, аулаларды абаттандыру, оған жарық орнату, аулада бала ойнайтын  ойын алаңын салу туралы ұсыныстарын  білдірді. 
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қыркүйек 2016 г. 601 0