Ұшырылым кейінге шегерілді

Ұшырылым кейінге шегерілді23 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған «Союз МС-02» кемесін ғарышқа жөнелту кейінге шегерілді, деп хабарлады Қазақпарат «Ресейғарыш» агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство қорытынды сынақ кезінде анықталған «техникалық себептерге» байланысты осындай шешім қабылдады. РИА Новости хабарлағандай, кеме Байқоңыр ғарыш айлағының 31-і алаңынан ұшыртылуы тиіс еді.
Ведомство атап өткендей, ғарыш кемесі ұшырылатын уақыт қосымша жарияланады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қыркүйек 2016 г. 527 0