« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал
ауылына Оңтүстік Кореяның Гуанджу қаласындағы клиниканың бас дәрігері Яң Хан Мо
бастаған білікті дәрігерлер келіп, бір күнде 500-ден астам адамға тегін
медициналық қызмет көрсетті.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ауыл тұрғындары осы күні отбасылық дәрігерлер мен тапшы білікті мамандардың қабылдауында болды. Құрамында хирург, терапевт, стоматалог, оториноларинголог, офтальмолог, гинеколог, косметологтар бар топ ауыл халқына сапалы қызмет көрсетіп, көптеген дәрі-дәрмек, дәруменді тегін таратты.
Қонақтар ауылдың негізін қалаушы Социалистік Еңбек Ері Цай Ден Хактың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның атындағы мұражаймен танысты. Енді корейлік дәрігерлер тобының сапары Қызылорда қаласында жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін де Яң Хан Мо бастаған топ 2014 жылы облыс орталығында этникалық кәріс өкілдерінен бастап басқа да қала тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсеткен болатын.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |