« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Бәйтерек» холдингі өз еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ
арқылы Қызылорда қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтерден
тұратын жеті тұрғын үйдің құрылысын яқтауда, деп хабарлайды, - Baq.kz.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған әлеуметтік үйлердің пайдалануға берілуі қазан айына жоспарланған. Тұрғын үйлер «Сәулет» шағын ауданында орналасқан, жаңа пәтерлердің ауданы 21 мың шаршы метрден асады.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ Қызылорда қаласында жалпы ауданы 96 мың шаршы метрден асатын 1470 пәтер құрылысына жеке құрылыс салушыларымен 7 инвестиция шартын жасасты. Тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2016-2017 жылдарға жоспарланған. Пәтерлер екі бағыт бойынша өткізіледі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін тұрғын үй.
Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдің бағасы 141 мыңнан 149 мың теңгеге дейін (объектіге байланысты) құрайды. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алу кезегінде тіркелген, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға беріледі.
Холдинг баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қызылорда қаласында «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй алуға салымшылардан өтінімдер қабылдауды аяқтайды.
Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша басқа да өңірлерде салынып жатқан бірқатар нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр немесе аяқталып қалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр.
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Қазақстанның 13 өңірінде тұрғын үй объектілерін салуға 40 шарт жасасты. Компания алдағы екі жыл ішінде республика бойынша жалпы ауданы шамамен 456 мың шаршы метрді құрайтын 7 500 пәтер салу үшін шарттарға қол қойды. Компания 2016 – 2017 жылдары Қазақстан бойынша 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлайды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |