Кәсіпкерлікке өріс кең

Кәсіпкерлікке өріс кеңҚызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Арал ауданы Сексеуіл кентінде болды. Арнайы іссапар барысында  кент кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді жас кәсіпкерлерде қатысты.
Негізгі мақсаты - кәсіпкерлерге палата жұмысын таныстыру, негізгі проблемаларын тыңдау, еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру және жұмыс барысында орын алып жатқан мәселелерді талқылау болатын. Шақырылған кәсіпкерлер жекелей мәселелерін де ортаға салды. 
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашуға қажетті көлемде несие алуға кепілдікке қоятын мүлік болмауына байланысты қиындықтар бар екенін жасырмады. Палата басшысы Сексеуіл кентіндегі кәсіпкерлердің Өңірлік Инвестициялық Орталық арқылы қаржыландырылып жатқан жобалармен де танысты. 
Іссапар барысында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Сексеуіл кентінің кәсіпкерлерінің атқарып жатқан жұмыстарына, даму қарқынына оң бағасын беріп, палата тарапынан мемлекеттік бағдарламаға қатысуға және несие алуға ұдайы сүйемелдеу жасалатынын жеткізді.
Қызылорда облысының 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2016 г. 695 0