
9-14 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласының «Автомобилист», Алматының
«Қайрат» шеберлер командасының ардагер ойыншысы, Сыр футболының түлегі
Сұлтан Әбеновтың жүлдесі үшін футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер
арасында республикалық турнир өтеді.
Биыл бірінші мәрте
ұйымдастырылатын жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысады.
Жарыста жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлері
кубок, диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Турнирді ұйымдастырушылар: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы.
Жарыстың басталуы 9 қыркүйек сағат 9.00 де, ашылу салтанаты сағат 10.00 де «Локомотив» стадионында.