Қызылордада Конституция күніне арналған бұқаралық велошеру өтті

Қызылордада Конституция күніне арналған бұқаралық велошеру өттіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Конституция күні мерекесіне орай Қызылордада бұқаралық велошеру ұйымдастырды. Оған спорт саласының мекемелері, спорт мектебі және әуесқой 100-ден астам велосипедші қатысты.     
Шараның мақсаты – Елбасының Жолдауын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу, бұқара арасында спортты дамыту, жастарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу.     
    Ұзақтығы он бір шақырымдай болатын велошеру таңғы 10.00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, студенттер сарайында аяқталды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2016 г. 568 0