
Қазалы аудандық прокуратурасы «РТС» мекемесінің
ауласындағы мұздатқышта азаматша Құрманғалиеваның 27 тоннадан астам
балықты қажетті құжаттарсыз қоймада заңсыз сақтағанын анықтады.
Факт бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сотқа
жолданды. Соттың қаулысымен құқық бұзушының балық өнімдері тәркіленіп,
оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Тәркіленген
балық уәкілетті орган арқылы сауда-саттыққа салынып, 1,5 млн. теңге
бюджетке өндірілді.
Аудандық прокуратураның ықпал ету актісін қарау нәтижесінде
кәсіпкермен ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
органдары ұйғарымдарының барлық талаптар орындалды.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі