
Қазалы аудандық прокуратурасы «Сумен жабдықтау
нысандарын жөндеу және пайдалану» МКК қызметкерлерінің ұжымдық арызын
қарау барысында еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады.
Кәсіпорын тарапынан 2016 жылдың маусым айына 65
қызметкерге 2,4 млн. теңге жалақы төленбегені белгілі болды. Ұйғарым
арқылы 14.08.2016 жылы 65 қызметкерге тиесілі еңбекақылары өндірілді.
11.08.2016 жылы аудан прокуратурасымен облыстық еңбек саласындағы
бақылау басқармасына кінәлі тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін шешу
туралы ұсыныс енгізіліп, қаралуда.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі