
Алматы әуежайында сағат түнгі 1:30-да «Амстердам-Алматы» рейсімен келген
Олимпиада - 2016 ойындарының қола жүлдегері Александр Зайчиков пен
төртінші орынға табан тіреген ауыр атлет Денис Улановты жұртшылық
салтанатпен қарсы алды, - деп жазады Қазақпарат.
Спортшыларды в VIP-терминалда олардың туыстары, Қызылорда облысынан келген жерлестері, БАҚ өкілдері күтіп алды.
«Мен үшін жанкүйер болған барлығыңызға алғыс айтамын. Бұл -
Қазақстанның жеңісі. Менің еңбегім - осы медаль. Бұдан кейін де болады.
Алға, Қазақстан!», - деді ауыр атлет Александр Зайчиков.