« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |
Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысының білім беру басқармасы және «Жастар жетістіктер» қоғамдық қоры мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу жобасын іске асыруда. Жобаның 1-кезеңінде №9 мектеп-гимназиясында, 5-10 сынып оқушыларына арналған «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәні енгізілді. Жобаның 2-кезеңінде облыстың 40 мұғалімі «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша біліктіліктерін көтеріп, Қызылорда қаласындағы «Арай-Sunris» лагерінде ұйымдастырылған «Табыс жолы» атты І жастар фестиваліне қатысты.
Бүгінгі шара аталмыш басталған жұмыстың заңды жалғасы. Шараға қатысты Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Осындай кездесулер арқылы жастар мектеп табалдырығында жүріп-ақ бизнесті жүргізудің негізгі тетіктерімен таныса алады. Кәсіпкерлер палатасы Облыстық білім басқармасымен бірге «Кәсіпкерлік негіздері» факультативтік пәнін барлық орта білім беретін мектептерде енгізу бағытында жұмыстар жзүргізілуде»- деді.
«Арай-Sunris» лагеріндегі өткізілген шарада Кәсіпкерлер Палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанна Аманова жастарға бизнес-тренингтер өткізді.
Шара қорытындысымен белсенділік танытқан жастар Палатаның арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Мұндай шара алдағы уақытта аудандарда жалғасын табады.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |