Қызылорда қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалдыҚызылорда қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, Нұрхан Жәлиев қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрхан Бұхарбайұлы 1968 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, 2014 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры;1995-1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті, заң аспирантурасын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, құқық және саясат ілімдері тарихы мамандықтары бойынша бітірген.

1984-1986 ж.ж. - Жосалы кенті Балалар мен жасөспірімідер спорт мектебінде еркін күрестен бапкер-оқытушы. 1988 ж. - Қармақшы ауданы, Балалар мен жасөспірімідер спорт мектебінің Ақжар ауылы филиалының жаттықтырушысы; 1994-1998 ж.ж. - Алматы қаласы, ҚазМЗУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы; 1998-2002 ж.ж. - ҚазМЗУ Қызылорда филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;2002-2004 ж.ж. - ҚазМЗУ Қызылорда филиалының азаматтық-құқықтық пәндері кафедрасының менгерушісі; 22.06.-08.11.2004 ж. - Қызылорда қаласы, «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Қызылорда филиалының партиялық ұйымдастыру жұмысы секторының басшысы; 06.01.-18.04.2005 ж. - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің көмекшісі; 2005-2006 ж.ж. - Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; 2006-2007 ж.ж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы; 14.05.-22.06.2007 ж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы; 2007-2008 ж.ж. - «Астана-Брик» ЖШС Қызылорда қаласы өкілдігінің директоры;10.04.-24.06.2008 ж. - «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің бастығы; 2008-2010 ж.ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары; 2010-2011 ж.ж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары; 2011-2013 ж.ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы; 2013-2014 ж.ж. - Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары; 2014-2015 ж.ж. - Облыстық дін істері басқармасының басшысы; 03.02.2015 ж.-қазіргі кезге дейін - «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 шілде 2016 г. 621 0