ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ЕДӘУІР ҮЛЕСІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ТИЕСІЛІ

ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ЕДӘУІР ҮЛЕСІ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНА ТИЕСІЛІОсы жылдың бірінші жартысында Қызылорда облысы бойынша жалпы алаңы 221801 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді, - деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен. 
    Тұрғын үй құрылысына 12613 млн. теңге салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 21,5 %-ды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемінің өсуі Арал (16,9%-ға), Жалағаш (12,5%-ға), Шиелі (8,9%-ға), Сырдария (3,2%-ға), Қазалы (2,6%-ға), Жаңақорған (1,5%-ға), Қармақшы (0,3%-ға)   аудандарында байқалды. 
    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңының едәуір үлесі Қызылорда қаласына (65,8%) тиесілі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 шілде 2016 г. 545 0