Алматы қаласында теннистен 18 жасқа дейін жасөспірімдер арасында өткен
ел чемпионатында қызылордалық Тимур Мауленов жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол жекелей сында 5 ойын өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетіп,
Қазақстан чемпионы атанды. Ал жұптық ойында күміс жүлдені иеленді. Енді
Тимур үстіміздегі жылдың 23-30 шілде аралығында Астана қаласында
теннистен ересектер арасында өтетін халықаралық турнирде бағын сынамақ.