
Кеше Ақордада Қауіпсіздік Кеңесін өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев Алматыдағы террорлық актіге қатысты арандатушылар қатаң
жазаланады деп ескертті, - деп жазады «Қазақпарат».
«Халықты тұрақты түрде ақпараттандырып отыру керек. Себебі, қазір
алып-қашпа әңгіме тарап кетеді. Сондықтан, арандатушыларды, жалған,
арандатуға бастайтын өсек-аяң тарату фактілерінің алдын алу керек. Мен
мәлім етемін, осындай қиын кезде Интернет арқылы, желі арқылы арандатуға
бастаған, өтірік ақпарат таратқандарды қатаң жазалаймыз», - деді Елбасы
Н.Назарбаев.
«Францияда бір адам жүк көлігімен қаншама адамды басып өлтірді.
Түркиядағы жағдай бар. Қазір жағдайды ушықтырғысы келетіндер табылады.
Сондықтан, Қазақстанның ақпараттық кеңістігі өз көзқарасын таныта білу
керек», - деп атап өтті Президент.