
Облыстық ішкі саясат басқармасының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына
жастарды көркейту көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды
ұйымдастыру мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Жастар ресурстық
орталығы» КММ-нің қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары»
қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2016 жылдың 14 шілдесі күні «№1
Қызылорда қалалық арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-де «Таза –
аула, таза – қала» атты экологиялық акция өткізілді.
Акция – жастарды еңбекке баулу және қарттарымызға құрмет көрсету
мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында жастар қарттарға концерттік
бағдарлама дайындап көрсетті және қарттар үйінің ауласына тазарту
жұмыстарын жүргізіді.
Аталмыш шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері,
ерікті жастар және кәсіпорындар мен мекемелерден барлығы 40-тан астам
жастар қатысты.