Қызылордада отырып ойнайтын волейболдан жарыс өтеді

Қызылордада отырып ойнайтын волейболдан жарыс өтеді17 шілде күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші туры басталады. Оған Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысады.

Айта кетейік, Атырауда өткен ел чемпионатының бірінші айналымында облыс құрама командасы екінші орынды иеленген болатын.

Екінші тур 20 шілде күні қорытындыланады. Ал чемпионаттың үшінші туры қазан айында Орал қаласында өтеді.

Ойындар күн сайын сағ. 9.00-де басталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 шілде 2016 г. 674 0