
Қызылордада 22 маусым-7 шілде аралығында облыс
әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері
арасында спартакиада өтті. 21-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 30
команда, 1000-нан аса қызметшілер спорттың 9 түрінен қатысты.
Қорытынды бойынша жалпыкомандалық есептеI 1-орын І топтан облыстық
ішкі істер департаментіне бұйырды. 2-орынға Қызылорда шекара отряды
20/19 әскери бөлімі, ал 3-орынға облыстық білім басқармасы лайық деп
танылды.
II топтан 1-орынды мемлекеттік кірістер департаменті, 2-орынды
ақпараттық технологиялар орталығы, 3-орынды облыстық құрылыс, сәулет
және қала құрылысы басқармасы иеленді.