
Ақтауда каратэ-додан кадеттер мен жастар арасында өткен Қазақстан
чемпионатында жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 7 медальмен оралды.
14-15 жас аралығында Кемелбек Қабыланбек (-63 келі, «Қажымұқан»
СК)ел жеңімпазы атанса, 18-20 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі,
ЖСШМ) күміс жүлдені иеленді.
№2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған
балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Марта Ким (16-17 жас,
-53 келі), Әділет Оралбек (16-17 жас, +76 келі), Азамат Сансызбай (18-20
жас, +84 келі), жеке катада 16-17 жас аралығында Жалын Орынбек және
облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінен Қуандық Мантай (18-20 жас,
-60 келі) қола жүлдені еншіледі.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев
және жаттықтырушылар Нұрбол Тойшыбаев, Нұржан Ақпанбет, Рүстем
Қараевтар дайындады.