« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Бүгінгі күні «Атамекен» ҰКП өңірдегі бәсекеге
қабілетті бизнес-климатты дамытуға және инвестиция тартуға бағытталған
жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта құрамында 8000-нан астам мүшелері бар
123 республикалық және салалық қауымдастықтар (одақтар) Ұлттық кәсіпкерлер Палатасында
аккредиттелген», - дей келе Сыр өңірінде де екі қауымдастық: «Сыр бойы» және
«Жергілікті қамтуды дамыту» қауымдастықтарының аккредиттеуден өткендігін
жеткізді.
Форум жұмысында палата басшысы қазір кәсіппен айналысамын
деген кез келген азаматқа мемлекеттің жан-жақты қолдау көрсетіп
отырғандығын айта келе, Кәсіпкерлер палатасының аудандағы Кәсіпкерлікті
қолдау және қаладағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 3 жылға
жуық уақыт аралығында 14000 субъектіге 29 мың кеңес берілгендігін хабарлады. Нәтижесінде
жүргізілген сүйемелдеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы құны шамамен
бір миллиард теңгені құрайтын 164 жоба қаржыландырылған. Ерекше атап өтетін
жайт, кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін, ақысыз негізде
жүргізіледі.
Әсіресе, қазіргі таңда қызылордалықтар арасында жоғары
сұранысқа ие бағдарлама - "Атамекен" ҰКП мен Қызылорда облысы
әкімдігінің бірлескен "Микробизнес Қызылорда" пилоттық жобасы.
Аталмыш бағдарлама аясында ауыл кәсіпкерлеріне несиелер тиімді шарттармен
берілуде, бұл бағытта "Атамекен" ҰКП-нан 300 млн.тг., облыс
әкімдігінен 360 млн.тг.қаржы бөлінген.
Бүгінгі күнге дейін «Микробизнес Қызылорда» жобасы арқылы
барлығы 77 жоба мақұлданып, жалпы құны 339 млн.теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылды.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |