Суармалы жерлерді енгізуде белсенділік қажет

Суармалы жерлерді енгізуде белсенділік қажетҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында су шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп жазады pm.kz сайты.
    К.Мәсімов суарылмайтын жерлермен салыстырғанда, суармалы жерлердің өнімділігі жағынан 8-10 есе артық болатынын атап өтті. Сәйкесінше, олардың айналымға енгізілуі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына ықпалын тигізуі мүмкін, бұл экономиканың бүгінгі таңдағы негізгі міндеті болып табылады. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің айтуынша, сарапшылардың бағалауы бойынша суармалы жерлердің әр 1000 гектарына егілетін дәнді дақыл түріне қарай 60-тан 200-ге дейін адамды жұмыспен қамтуға жол ашылады.
    К.Мәсімов ирригациялық жобаларды жүзеге асыруда халықаралық қаржы ұйымдарының мүмкіндіктері мен кәсіпкерлерді тарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарын барынша пайдалану қажеттігін айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 шілде 2016 г. 518 0