К.Мәсімов Байқоңырдағы перзентханада болды

К.Мәсімов Байқоңырдағы перзентханада болдыҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары барасында Байқоңыр қаласындағы перзентханада болды, - деп хабарлады pm.kz сайты.
    «Медицина мен білім беру саласы Байқоңырда қазақстандық стандартқа ауысты», – деп жазды ҚР Премьер-Министрі өзінің туиттердегі аккаунтында.
    Медициналық мекеменің жұмысы туралы Кәрім Мәсімовке денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы баяндады.
    А.Цой атап өткендей, арнайы емдеу мекемесі бір ауысымда 100 келушіге есептелген консультативтік-диагностикалық емханасы бар 120 төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана болып табылады. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 шілде 2016 г. 512 0