Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына арналған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына арналған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталдыБүгін апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына арналған 60 пәтерлік жаңа көпқабатты үйдің құрылысы басталды.  Маңызды әлеуметтік нысан жыл аяғына дейін тапсырылады.
Қызылордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Астана күніне арналған ауқымды шаралар өтуде. Көпқабатты тұрғын үй құрылысының басталуы да осы айтулы мерекелерге орайластырылып отыр.  
Жаңа тұрғын үй Жасппасбай батыр көшесі бойында салынатын болады. Арендалық тұрғын үйдің сметалық құны - 457 млн. теңге. 
Бүгінгі күні Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үйі апаттық деп танылған 275 отбасы үй кезегіне алынған. Соңғы үш жылда олардың кезегі екі есе қысқарды.
Жаңа тұрғын үйдің алғашқы іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
Мұнан бөлек аймақ басшысы Жаппасбай батыр көшесіндегі үйлер кварталының сыртқы инженерлік желілерінің құрылысымен танысты. 
Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесінің бойынан Ұлттық қор есебінен 12 көппәтерлі тұрғын үй /580 пәтер/ құрылысын жүргізу жоспарлануда. 
Тұрғын үйлер кварталының жобасы мен сыртқы инженерлік желілерінің құрылыс жұмысына Ұлттық қордан 1,5 млрд теңге бөлініп, 33,2 шақырым сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізіле басталды. Атап айтқанда, 9,6 шақырым ауыз су жүйесі, 3,1 шақырым кәріз су жүйесі, 
6,1 шақырым электр желісі мен 4,4 шақырым газбен қамту жүйесі, 
1,0 шақырым телефон желісі және 1,9 шақырым жылу жүйесін жүргізу жұмыстары жүргізлуде. Бұл жұмыстар толығымен 2016 жылдың IV тоқсанында аяқталады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 шілде 2016 г. 555 0