Мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдымен ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін ислам - Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді. Және ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді. Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммедәли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады.
Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше құнды кітаптар табысталып, бата жасалды.