Спорт ардагерлер арасында 4-ші облыстық спартакиада өтті

Спорт ардагерлер арасында 4-ші облыстық  спартакиада өтті17-19 маусым аралығында Қызылорда қ. ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында спорт ардагерлер арасында 4-ші облыстық спартакиада өтті. Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, 1000-нан асаспортшы 13 спорт түрі бойынша сынға түсті.

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 202 ұпаймен Қызылорда қаласыныңкомандасы – бірінші, 143 ұпаймен Шиелі ауданы – екінші, ал 127 ұпаймен Жаңақорған ауданы үшінші орынға ие болды.

Спорт түрлері бойынша стритболдан әйелдер арасында Қызылорда қ., ерлер арасында Жаңақорған ауданының командалары бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасында 2-орын Арал, 3-орын Жаңақорған, ерлер арасында 2-орын Қазалы, 3-орын Арал аудандары ие болды.

Волейболдан әйелдер мен ерлер арасында да Байқоңыр қ. командасы көш бастады. Қызылорда қ. командасы әйелдер мен ерлер арасында да күміс жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Сырдария, ерлер арасында Арал аудандарының командалары қола жүлдені еншіледі.

Шағын футболдан 1-орында Байқоңыр қ., 2-орында Қызылорда қ., 3-орында Шиелі ауданы.

Қазақ күресінен Жалағаш ауданының ардагерлері өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Қалған орындарға Қызылорда қ. мен Шиелі ауданының командалары жайғасты.

Дойбыдан Шиелі ауданыныңкомандасы топ жарса, 2-орынды Қызылорда қ., 3-орынды Сырдария ауданының спортшылары ие болды. Тоғызқұмалақтан 1-орында Сырдария, 2-орында Қызылорда қ., 3-орында Арал ауданы. Шахматтан Қызылорда қ. ардагерлері жеңіс тұғырына көтерілсе, Жаңақорған күміс, Шиелі қола жүлделерді иеленді.

Суға жүзу сайысында байқоңырлықтар бірінші болып келсе, қалған орындарды Қызылорда қ. мен Жалағаш ауданы бөлісті.

Қол күресіненсырдариялықтардың мерейі үстем болды. Екінші орында – Жалағаш, үшінші орында Қазалы аудандарының спортшылары.

Үстел теннисінен, Президенттік көпсайыстан және жеңіл атлетикадан Қызылорда қ. командасы бірінші орынды иеленді. Үстел теннисінен 2-орында Шиелі, 3-орында Жаңақорған спортшылары.

Президенттік көпсайыста 2-орында Жалағаш, 3-орында Сырдария аудандары. Жеңіл атлетика жарысында Қазалы құрамасы күміс, Қармақшы құрамасы қола жүлделерді еншіледі.

Енді ү.ж. 20-23 шілде аралығында ШҚО, Өскемен қ. спорт ардагерлер арасында өтетін республикалық спартакиадада Қызылорда облысының құрама командасы Сыр өңірініңнамысын қорғайды.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 маусым 2016 г. 602 0