17-19 маусым аралығында Қызылорда қ. ҚР
тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында спорт ардагерлер арасында 4-ші
облыстық спартакиада өтті.
Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса спортшы 13 спорт түрі бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 202
ұпаймен Қызылорда қаласының командасы – бірінші, 143 ұпаймен Шиелі
ауданы – екінші, ал 127 ұпаймен Жаңақорған ауданы үшінші орынға ие
болды.