Қазақстандық зілтеміршілер жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық зілтеміршілер жарыстардан шеттетілдіХалықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлеттердің - Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесін өз сайтында жариялады.

Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесінде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қазақстандық спортшылардың қанында төмендегі заттар табылғанын хабарлады:
Светлана Подобедова (KAZ) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Майя Манеза (KAZ) - Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Илья Ильин (KAZ) - Дегидрохлорметилтестостерон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Зульфия Чиншанло (KAZ) - Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер)
Ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация олардың ісі жабылғанша спорттан шеттетеді.

Федерация жақын арада Бейжіңдегі Олимпиада жүлдегерлерінің сынамаларына қайта жүргізілген сараптама нәтижесін хабарлайды. Егер спортшылардың допингке қарсы ережелерді бұзбағаны анықталса, тиісті шешім қабылданады.

Федерация бұл істер жабылғанша олар бойынша ақпаратқа еш мәлімдеме жасамайды.

Еске сала кетейік, И.Ильин мен З.Чиншанлодан лондондық Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамаларда тыйым салынған заттардың болғаны туралы шетелдік БАҚ 4 маусымда хабарлаған.

ҚазАқпарат

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2016 г. 524 0