Қызылордада ардагер спортшылар спартакиадасы өтеді

Қызылордада ардагер спортшылар спартакиадасы өтедіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 17-19 маусым аралығында Қызылордада спорт ардагерлері арасында IV облыстық спартакиада өтеді.
    Оған Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардан 9 команда, 1000-нан аса ардагерлер қатысады.
    Төрт жылда бір мәрте жалауы желбірейтін дода алғашқы рет 2004 жылы бастау алса, 2008 жылы Байқоңыр, 2012 жылы Қызылорда қалаларында өткізілді.
    Дәстүрлі спартакиада спорттың 13 түрінен: стритбол, волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, гір спорты, қол күресі, үстел теннисі, жазғы Президенттік көпсайыс, жүзу, жеңіл атлетика сынды спорт түрлерінен ұйымдастырылады.
    Мақсаты – дене шынықтыру және спорт арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру, спорт ардагерлер арасында бұқаралық спортты насихаттау, үстіміздегі жылдың 20-23 шілде аралығында Өскемен қаласында өтетін спорт ардагерлер спартакиадасына спортшыларды іріктеу.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 маусым 2016 г. 550 0