
Қостанайда шахматтан жасөспірімдер арасында өткен ҚР кубогының екінші кезеңінде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетті.
Классика бойынша 8 жасқа дейінгі қыздар арасында бақ сынаған
Ақжан Бекзатқызы кубоктың жеңімпазы атанса, Сабина Бармағамбетова(10
жасқа дейін) күміс жүлдені, Сақыпжамал Бармағамбетова (14 жасқа дейін)
1-орынды иеленді.
Сондай-ақ кубокпен қатар швейцарлық жүйеде өткен рейтингтік
турнирде ересектер арасында сынға түскен Назерке Нұрғали 9 турдан 7 ұпай
жинап, 2-орынды еншіледі.