« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасының БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Палата директоры
Ғалымбек Жақсылықов айтты.
«Құрылғанына 2,5 жылдан асқан Кәсіпкерлер палатасы бүгінгі күнге дейін не жұмыс атқарды? Кәсіпкерлерге қандай қолдау, көмек көрсете алды? Осы жұмыстар туралы алдарыңызда қысқаша есеп беріп өтуді және Сіздер арқылы барша облыс жұртшылығын ақпараттандыру мақсатында алдарыңызға келіп отырмыз», - деген Палата басшысы «Атамекеннің» кәсіпкерлер үшін жасаған нәтижелі қадамы – барлық аудандарда Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының құрылуы екендігін жеткізді.
Бүгінде аталмыш орталықтар Қазақстан бойынша барлық елді мекендерде құрылған. Орталық кеңесшілері кәсіпкерлік мәселесіне қатысты ісін жаңа бастаушы және тұрақты жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат беріп, кәсіпкерлердің жобалары бойынша бизнес-жоспарларын жасап беруде және қаржыландырып, жүзеге асырылғанша сүйемелдеуде. Мұнан өзге аталмыш Орталықтарда кәсіпкерлер бизнес мәселесіне қатысты оқыту курстарынан өтуде. Ерекше атап өтетін жайт, Орталықтармен көрсетілетін қызметтердің барлығы да ақысыз негізде, тегін жасалады.
Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы осы кезге дейін 14628 кәсіпкерге 27564 қызмет көрсетілген, кеңестер берілген.
Палата жұмысындағы басым бағыттардың бірі – кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету аясында «Бизнес-мектеп» компоненті жүзеге асырылуда. Аталмыш компонент аясында 2015 жылы 1705 азамат «Бизнес кеңесші», «Бизнес-Өсу», «Жобалық оқыту» бағдарламалары аясында біліктіліктерін жетілдірсе, 2016 жылдың 5 айында 605 азамат оқыту курстарынан өтті.
Айта кету керек, қаржылай емес қолдау аясында 2015 жылы жалпы құны 819 млн.теңгені құрайтын 150 жоба сүйемелденіп, қаржыландырылса, биылғы жылдың өзінде 102,6 млн.теңгенің 14 жобасы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылып үлгерді.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |