
Биыл Қазалы ауданына республикалық бюджеттен бөлінген 210 млн 469 мың
теңге қаржыға «Бозкөл-Тасарық» жолының 22 шақырымы, 103 млн 963 мыңға
«Қожабақы-Аранды» автомобиль жолының 12 шақырымына қайта жаңғырту
жобасының құрылысы жалғастырылды.
«Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» бағытының 30-45 шақырымының орташа
жөндеуін аяқтауға 186 млн 376 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Әйтеке би кентінің 10 шақырымды құрайтын 6 көшесін және Қазалы қаласының
9 көшесінің 8,5 шақырымы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
Бүгінгі күнге аудандық маңыздағы жолдарды жөндеп, қайта жаңғыртуға 625
млн 447 мың теңге, автомобиль жолдарына жол қауіпсіздік белгілерін
орнатуға 10 млн бөлінді.