
Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік шабуыл құрбандарын 9 маусым күні
Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы үнсіздікпен
еске алды. Жалпыұлттық аза тұту күні ОІІД-ның ғимаратында Мемлекеттік
туы төменге түсірілді.
«Қызылордалық полицейлер барлық Қазақстан халқымен бірге қайғыруда.
Бұл біздің еліміз үшін үлкен трагедия»,- деді Қызылорда ОІІД Ардагерлер
кеңесінің төрағасы, запастағы полковник Пеисов Мылтықбай Пеисұлы.
ІІО барлық қызметкерлері және ардагерлер кеңесі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады.
«Бірде бір адам бей-жай қарап қалмауы тиіс. Елде бейбітшілік пен
тұрақтылық болуы үшін, біз бірігуіміз керек» - деп ойларын жеткізді
тәртіп сақшылары.
«Барлық полиция қызметкерлері осы қайғылы оқиғаның құрбандарына қан
тапсыруға қатысады»,- деп сөз сөйледі Қызылорда ОІІД-ның бастығы
полиция полковнигі Жанат Сүлейменов.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі