Қызылордада құтқарушылар марапатталды

Қызылордада құтқарушылар марапатталдыБүгін облыстық мәслихаттың әкімінің IV кезектен тыс сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Арал өңірінде су тасқынының алдын алып, мұз кетелісін болдырмау шараларына атсалысқан құтқарушыларды марапаттады. 

 Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы қаңтар айында «Ақлақ» су тоспасында сең жүру кезінде мұз кептелісі орын алып, су тасқыны қауіпі орын алған болатын.  Алайда кәсіби шебер жұмыс тобының келісілген іс-әрекеттері арқасында төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Облыс әкімі төтенше жағдайдың алдын алуға атсалысқан барлық азаматтарға алғысын айтып, Арал ауданы әкімінің орынбасары М.Оразбаевқа, Қаратерең ауылдық округінің әкімі Қ.Жиенбаевқа, Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы М.Жиенбаевқа және Оңтүстік аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отрядының бас құтқарушысы Б.Әлжанов пен құтқарушы А.Исаевтарға медальдар табыстады.  Сонымен қатар аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына белсене араласқан облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Мінәжәдин Өтеевтің еңбегіне ризашылығын жеткізді. 
Сонымен қатар, бүгінгі облыстық мәслихаттың сессиясында «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық ұйымының шешімімен Р.Байназарова, А.Тайманов пен И.Тілеп сияқты  халық қалаулылары «Құрметті депутаты» атағын алды.  
Облыс әкімі барлық марапат иелерін құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 маусым 2016 г. 584 0