Қызылордалық самбошылар Ашхабадта өткен Азия чемпионатынан 2 алтын еншіледі

Қызылордалық самбошылар Ашхабадта өткен Азия чемпионатынан 2 алтын еншіледіТүркіменстанның Ашхабад қаласында самбодан өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлестеріміз 2 алтын медал иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жастар арасында өнер көрсеткен Жәния Махмудова 68 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.

Ересектер арасында сынға түскен Мақсат Исқабылов 100 келі салмақта алтын медалға ие болды.
Бүгін Жансая Мұрат, Лайла Арыстанбек және Дамир Әбдековтер бактарын сынайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 мамыр 2016 г. 551 0