"Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2013 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшейеді деп күтіледі.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.