Қызылорда жыл басынан 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарған

Қызылорда жыл басынан 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарғанТұтастай Қызылорда облысы бойынша 1-тоқсанында 219190,0 мың теңге жарғылық капиталдары және 63 адам қызметкерлері бар 5 сервистік-дайындау орталығы жұмыс атқарған. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлады.
    Сервистік-дайындау орталықтарының құрамына 5 ауылдық өндірістік кооперативтері, 3 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және 1 өзге де қатысушылар кіреді.
    2016 жылғы қаңтар-наурызда сервистік-дайындау орталықтарымен 141497,0 мың теңгеге өнім өндіріліп және қызмет көрсетілді.
    Атап айтқанда, мұздатылған балық өндірісі – 31751,0 мың теңге, мұздатылған балық жон етінің өндірісі – 109350,0 мың теңге және ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру бойынша қызметтер – 396,0 мың теңге және мұздатылған балықты сақтау бойынша қызметтер – 550,0 мың теңге.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2016 г. 639 0