« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҰКП басшысы және облыс әкімі қатысқан Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында аймақтың бизнес-қоғамдастығының проблемалық мәселелері талқыланды, оның ішінде - сатып алулар, қаржылық қолжетімділік және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік те бар.
Тимур Құлыбаев атап өткендей, «қазір экономика үшін қиын кезең». Қызылорда өңірі де мұнай-газ секторының белсенділігіне тәуелді болып отыр. ҰКП басшысының айтуынша, «Атамекен» бұл салаға қолдау көрсететін болады.
«Қазіргі жағдайларда кәсіпкерлердің алдына жаңа міндеттер қою қажет. Біз республиканың барлық өңірлеріндегі бизнес-қоғамдастықтармен кері байланысты үнемі қолдап келеміз, және де өтініштерді, ұсыныстарды, ескертпелерді ескере отырып, өзіміз үшін 2016 жылғы негізгі бағыттарды айқындап алдық. Біріншісі - сатып алулар және жергілікті қамту жүйесін дамыту. Мұның мынадай тұстары бар. Биылғы жылы дағдарыстың салдарынан шығындар едәуір ауырлай түсті, соған байланысты бюджеттер қысқартылды. Бірақ, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында біз сатып алулар жүйесінің ашықтығын талап ететін боламыз. Дәл осындай көзқарасты біз бүгінгі күні сатып алуларды барынша үлкен көлемде жүргізіп отырған «Самұрық-Қазына» қорына қатысты да ұстанамыз. Өткен жылдың желтоқсан айында осы қормен бизнесті қолдау және дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісім жасастық. Осы аптада ҰКП «Самұрық-Қазына» қорының 8 еншілес кәсіпорнымен келісімдерге қол қояды, олардың үлесіне квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулардың 93%-ы тиесілі. Және де ұлттық компанияның өңір аумағында орналасқан барлық еншілес кәсіпорындарына да ҰКП мониторинг жасап отырады. Яғни, біз бақылаушы ретінде қатысу құқығына иеміз және отандық тауар өндірушілерге ұлттық компанияның сатып алуларына қатысуларына көмектесе аламыз. ҰКП осы бағытта жұмыс жүргізіп отырған 4 мыңнан астам отандық тауар өндірушілерді анықтады», - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Ол, сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар және ұлттық компаниялар бойынша да «Атамекен» негізгі сатып алынатын тауарлардың тізімін құрастырғанын айтты, бұл 6-7 мыңға жуық позиция және олардың өндірісін Қазақстанда одан әрі шоғырландыру үшін мұқият пысықтау қажет.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |