Белгілі ұстаздың мерейтойы аталып өтті

Жақында Тереңөзек кентінде ұрпақтарға үлгі болып, ұстаздардың ұстазы атанған Ажар Әзқожаеваның 85 жылдық торқалы тойы салтанатты жағдайда аталып өтті.
Ол кісі 1928 жылы Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылында дүние есігін ашады. Елу жыл бойы саналы ғұмырын ұрпақтар үшін сарп еткен Ажар Әзқожаеваның оқу-ағарту саласындағы ересен еңбегі де елеусіз қалған емес. Ажар апай кезіндегі Кеңестер Одағының, бүгінгі ҚР-ның білім беру ісінің үздігі болған. Қазіргі таңда Сырдария ауданының құрметті азаматы, облыстық дәрежедегі дербес зейнеткер санатына енгізілген.
Салтанатта шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікенов, аудандық мәслихат хатшысы Б.Маншариповтар құттықтау лебіздерін жеткізіп, сый-сыяпаттарын табыс етті. Мұнан соң ауданның белгілі азаматтары Ж.Қонысбаев, Ұ.Жаналиева, А.Бақтиярова, Б.Мақашов, Ж.Ерманов, Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұловалар сөз алып, той иесіне деген өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2013 г. 1 090 0