« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.
Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.
Байқаудың сарапшылары талапкерлер өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 1 курс студенті Рызманов Руслан І орынды жеңіп алса, Сырдария ауданы №42 мектептің 9 сынып оқушысы Закирқызы Нұргүл ІІ орынды, Жаңақорған ауданы №169 орта мектептің 10 сынып оқушысы Шакирова Донна ІІІ орынға ие болды.
Ал, Қызылорда М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті Малышева Кристина, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Лаврова Мария ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |