« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр өтсе де, әділ бағасын Құнанбай енді алғандай. Өйткені, советтік көзқараста бейнеленіп келген Құнанбайдың шынайы образын зерттеп, ашып жазған, не болмаса кино түсірген ешкім болған жоқ. Досхан Жолжақсыновтың осы батыл қадамы көпшілікті сүйсіндірді.
Құнанбайдың Қызылордада көрсетіліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Тарихқа сүйенсек, Құнанбай қажының арғы аталары барша қазақ рулары сияқты дәл осы Сырдың бойынан өркен жайған. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы Әнет баба Құнанбайдың арғы атасы екендігін, ал шығармадағы тарихи оқиға осы біздің Сырдың бойында, қазіргі Шиелі ауданының аумағында болғаны белгілі.
- Бізге керегі - қазақтың өз киносы. Қазақтың тарихы, салт-дәстүрі, өзіне ғана тән өмір салты, арман-мұраты мен тыныс-тіршілігі. Жасыратыны жоқ, үлкен экранға шыққан кейбір туындылардан қарапайым көрермен де, сыншылар да қазақы бояуды таба алмай, ойсыз еліктеу көріністерін тауып, орынды сын айтып жатады. Бүгінгі Сіздер тамашалайын деп отырған «Құнанбай» фильмін осы олқылықтың орнын толтырады деген сеніммен елге арнайы шақырып, Сыр жұртшылығына таныстырғымыз келді. Өйткені Елбасы Алаштың анасына балаған Сыр елі қазақы өмірдің әлі күнге қаймағы бұзылмай сақталып келе жатқан құйқасы, қалың ортасы, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Аймақ басшысы Д.Жолжақсынов пен жары, актриса Қаракөз Сүлейменованы жаңа туындысымен құттықтап, шапан жауып, сый-сияпатын көрсетті.
Фильмнің көрерменге ұнағаны сөзсіз. Өйткені экранға жым-жырт байланып, кең тыныс алуынан залдың үлкен толғаныста отырғанын байқадық. Ең бастысы фильмде қазақтың жаны, қазақы өмір бар, Құнанбай өмір сүрген дәуірдің тынысы бар.
- Бұл аймақ талғам, таразысы бөлек өңір. Сондықтан көрерменнің фильмді өте жақсы қабылдауы біз үшін үлкен бақыт. Сыр жұртшылығына алғысымыз шексіз. Ал аға сұлтан, қажы Құнанбайдың шынайы бейнесін ашуды дұрыс санағанымызбен, артымызда Мұхтар Әуезовтей заңғар тұрды. Дегенмен, азаттығын алған ел ретінде біз ұрпаққа Құнанбайды танытуымыз қажет болды. Фильмді түсіру үшін 5 жыл дайындалдық. Тыңғылықты дайындықтың арқасы болар, туынды 1 ай 18 күнде түсіріліп бітті, - дейді Досхан Жолжақсынов.
Айта кетейік, «Құнанбай» фильмін дүниеге әкелген Досхан Жолжақсынов бүгін Арал ауданында болып, халықпен кездесті, фильмді аралдықтар да Жолжақсыновпен бірге көруге мүмкіндік алды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |