Қызылорда облысының климаттық жағдайы арнайы пән аясында зерттелмек

Қызылорда облысының климаттық жағдайы арнайы пән аясында зерттелмекАСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының климаттық жұтау жағдайы ЮНЕСКО-ның назарында. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жəне ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюро директорының міндетін атқарушы Андрей Шевелев мəлім етті.

«БҰҰ қызметкерлерімен бірге Қызылорда облысын дамыту жөніндегі үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Әсіресе, климаттық апаттар мен аймақтың жұтауын төмендету саласындағы білім-ғылымды ілгерлету жұмысын жүргізбекпіз. Атап айтсам, бірнеше ай бұрын біз Қызылода облысындағы жоғарғы оқу орындары үшін климаттық апаттарды басқару жөніндегі ілкі жобаны әзірлеп біттік. Биыл осы оқыту курсын пысықтап, облыстың университеттеріне таныстырамыз. Бұдан өзге, Қазақстанның өзге де бірқатар оқу орындарына осы курсты арнайы пән ретінде енгізу жоспарда бар», - деді ол.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2016 г. 845 0