Әріптесіміздің мақаласы үздік деп танылды

Әріптесіміздің мақаласы үздік деп танылдыҮстiмiздегi жылдың шiлде айында "Даму" кәсiпкерлiктi дамыту қоры Қазақстандағы кәсiпкерлiк тақырыбы аясында ең үздiк материалдарға конкурс жариялаған болатын. "Қазақстанның кәсiпкерлiк БАҚ назарында" атты атауға ие болған конкурста сегiз номинация белгiлендi. Конкурсқа елiмiздiң өңiрлерiнен түскен 70-ке жуық жұмыс сарапшылар талқысынан өттi.
Жақында Алматы қаласында конкурс жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өтiп, "Сыр бойы" газетiнiң тiлшiсi Ыдырыс Тұрлығұловтың үздiктер қатарынан көрiндi. Оның байқауға ұсынған "Қызылорданың қызыл миясы қыруар пайданың көзi" атты мақаласы қазақ тiлiндегi ең үздiк материал деп танылып, әрiптесiмiз 250 мың теңгеге ие болды. Бiрақ, осыдан 4 ай бұрын көлiк апатынан жарақат алған дәрiгерлер бақылауында жүргендiктен бұл салтанатты шараға қатыса алмады. Басылым мерейiн асырған Ы.Тұрлығұловтың биылғы жылы журналистер мерекесiнде "Қазақ тiлдi басылымдар бойынша үздiк сараптамашы" номинациясын иеленiп, облыс әкiмi Қырымбек Көшербаевтың қолынан арнайы сертификат пен бағалы сыйлық алғанын еске салып кеткiмiз келедi.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 желтоксан 2013 г. 925 0