Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Қуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалдыҚуандық Бишімбаев ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті "Бәйтерек" ұлттық холдингінің баспасөз қызметіндегілер растады. Бұл жерде Бишімбаев 2013 жылдан бері басшылық етіп келеді.   
 Холдингтің басшысы болғанға дейін ол екі жыл бойында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары қызметінде еді. 2010-2011 жылдары экономикалық даму және сауда вице-министрі болды. Сонымен қатар, ҚР Президенті көмекшісі болды. Мұнымен бірге, 2007 жылы индустрия және сауда вице-министрі қызметін атқарған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 мамыр 2016 г. 856 0