« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
15 сәуір күні Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды.
Облысымызда екінші мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана,
Алматы қалаларынан және Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан,
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 80-ге
жуық велошабандоздар қатысуда.
Олар 5 күн бойы Қызылорда-Шымкент және Қызылорда-Самара бағыттарындағы тас жолда топтық, жекелей және айналма жарыстарда шеберлік байқасады.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру жәнеспорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен Қазақстан тарихында тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан велосипед спорты федерациясыпрезидентінің кеңесшісі Марат Сатыбалдиевсайысқақатысушыларды құттықтап, жеңіс тіледі.
Чемпионат 20 сәуірге дейін жалғасады.
Жарыстың ашылуынан кейін Қызылорда қаласы спортшыларының қатысуымен велоспорттан 2000 және одан төмен жастағы ұлдар мен қыздар арасында топтық жарыс өткізілді. Нәтижесінде қыздар арасында Аружан Ғалымжан жеңімпаз атанса, Анастасия Иванова 2-орынды, Әсем Төлемісова 3-орынды иеленді. Ұлдар арасында Дамир Амантайдың мерейі үстем болса, Бексұлтан Абтаев күміс жүлдені, Артем Первушин қола жүлдені еншіледі.
Сондай-ақ, велоспорттан Қазақстан чемпионаты аясында бірінші рет мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Балдырған - 2016» атты Қызылорда қаласының Гран-при жарысы өткізілді. Оған Қызылорда қаласының 3 балабақшасынан 3-5 жастағы кішкентай балалар қатысып, үздіктері анықталды.
Ұлдар арасында Фараби Ибраев алтын жүлдені иеленсе, Бекболат Шахмат 2-орынға, Аслан Санжар 3-орынға ие болды. Қыздар арасында Инаят Алиакбар жеңіс тұғырына көтерілсе, 2-орынды Аруна Баймұхамедова, 3-орынды Шұғыла Табылғанова еншіледі. Жеңімпаздар менжүлдегерлерге Қазақстан велосипед спорты федерациясының арнайы сыйлықтарымен дипломдар табыс етілді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |