Байқоңыр Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 55 жылдығын Королев даңғылындағы шерумен атап өтті

Байқоңыр Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 55 жылдығын Королев даңғылындағы шерумен атап өтті Жерден адамның алғаш рет ғарышқа ұшуының 55 жылдығын «Байқоңыр» кешені ерекше атап өтті.

Адамзаттың ғарышқа ұшуы осы жерден басталды, Байқоңыр әлемдік ғарыштың отанына айналды, жүздеген ғарышкерлер осы жерден ұшырылды.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренко және «Байқоңыр» кешеніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі Серік Қожаниязов қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Жердегі ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының үздік қызметкерлеріне Ресейғарыш наградалары мен орталық органның ынталандыру сыйлықтарын «Оңтүстік» ғарыш орталығының басшысы Михаил Варданян ұсынды.

12 сәуірдің таңы әдеттегідей жеңілатлетикалық эстафета мен веложарыстан (32 шақырым) басталды. Қатысушылар «Гагарин ұшыру алаңынан» Байқоңыр қаласының орталық бөлігіне қарай жүгірді.

Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары Гагарин ескерткіші маңындағы салтанатты митингке қатысты. Мұнда ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Кейін байқоңырлық оқушылар өздері құрастырған зымыран модельдерін ұсынды.

Мерекелік шаралар Королев даңғылындағы шерумен жалғасты. Ол қаланың орталық алаңында «Адамға табын, Жер енді» концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Мерекелік шеруге Ресейғарыш кәсіпорындары, қалалық ұйымдар белсене қатысты. Олардың ішінде Байқоңыр қаласындағы ҚР ІІМ өкілдігі, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» РМК ұжымы бар.

«Мәскеу - Байқоңыр» автожарысына қатысқандар да қаладағы мерейтойлық шараға куә болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2016 г. 806 0