
Қызылордада көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XVIII
облыстық байқауы өтті. Оған 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.
Талапкерлер байқауда О.Бөкейдің, басқа да ақын-жазушылардың көркем
және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды. Сарапшылар
олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл
тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына,
сахналық киім сәніне баса назар аударды.
Қорытындысында Жаңақорған ауданы №224 орта мектептің 10-сынып
оқушысы Хамида Тілекова І орынды, Қазалы ауданы №249 мектеп лицейінің
10-сынып оқушысы Гүлбаршын Аманкелді ІІ орынды, Қызылорда қаласы №189
орта мектептің 10-сынып оқушысы Берікбол Қызылбай ІІІ орынды иеленді.