
Астана қаласында кикбокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Кикбоксингтің фулл-контакт, лоу-кик, К-1 бөлімдері бойынша өткен
жарыста жерлестеріміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің
тәрбиеленушілері 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдарды иеленді. Бұл
туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
хабарлады.
К-1 бөлімінде өнер көрсеткен Алтынбек Жүнісов 75 келі салмақ
дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанса, 86 келіде Ахмедияр Аманжолов
күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында фулл-контакт бөлімінде +70
келіде Нұржанат Тілеумбетова 2-орынды еншіледі. К-1 бөлімінде 51 келіде
сынға түскен Нұрсұлтан Сапаровтың еншісіне қола медаль бұйырды.