
Қостанайда таеквондодан кадеттер арасында өткен Қазақстан
Республикасының чемпионатында қызылордалық спортшылар 15жүлдені (3
алтын, 4 күміс, 8 қола)иеленді.
Жекелей есепте Сымбат Мұханбетқали (51 келі, спорт интернат), Арман
Жарылқасынов (53 келі, Байқоңыр қ.), Айнара Жеткергенова (59 келі, №11
Сырдария БЖСМ) ел чемпиондары атанды.
Жәния Әмірхан (33 келі, №9 Шиелі БЖСМ), Әзиз Сұлтанов (57 келі,
Байқоңыр қ.), Аружан Әбдіқадыр (+59 келі, №1ОРМБЖМ), Ақдәулет Қожахмет
(65 келі, Қазалы спорт клуб) күміс жүлдеге ие болса, Әсел Қуандыққызы
(29 келі, №17 Қазалы БЖСМ), Диас Шанжархан (33 келі, спорт интернат),
Ернұр Алтынбек (41 келі, №1ОРМБЖМ), Ғабит Ертай (45 келі, спорт
интернат), Құдайменді Рысбек (45 келі, №2ОРМБЖМ), Айым Тоғман (55 келі,
спорт интернат), Гүлмира Сахитова (+59 келі, спорт интернат), Самат
Болатбаев (61 келі, Байқоңыр қ.)чемпионаттың қола жүлдесін еншіледі.
Жеңімпаз атанған 3 спортшы тамыз айында Кореяның Муджу қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады.