ЕҚЫҰ өкілдері Қызылорда қалалық сотында болды

 ЕҚЫҰ өкілдері Қызылорда қалалық сотында болдыҚызылорда қалалық сотының төрағасы Алмат Бабатов Қазақстан Республикасындағы сайлаудың өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері Давид Левин мен Юулиан Дерманмен кездесті.

Жүздесу барысында А.Бабатов «Сайлау туралы» Заңның ережелеріне, сайлау заңнамасын бұзуға байланысты азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау тәртібіне тоқталып өтті. Ол ЕҚЫҰ өкілдеріне бүгінгі күні депутаттыққа кандидаттан сотқа сайлау құқығының бұзылу фактісі бойынша бір арыз түскендігін айтып, қаралу қорытындысымен таныстырды.

Барлық сұрақтарына толық жауап алған Д.Левин осындай кездесудің өтуіне қанағаттанушылық білдірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 наурыз 2016 г. 863 0