Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

Қызылордада жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылдыҚызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы №203 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстыру рәсімі өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру рәсіміне Қызылорда облыстық сотының төрағасы мен алқа төрағалары және судьялары, Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Жарылқасынова Зәуре Тұрсынбайқызы, Қызылорда қалалық сотына Сарбасова Жақсыгүл Тиышбекқызы, Қазалы аудандық сотына Маханов Қуаныш Тасмағанбетұлы судья лауазымына алғашқы рет тағайындалды.

Шара барысында алғашқы рет тағайындалған судьялар салтанатты түрде өз мiндеттерiн адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышы мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға ант етті.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, әрбір сотқа жүгінуші тараптардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда ерекше ыждағаттылық танытып, қара қылды қақ жаратын әділ судья болуларына тілектестігін білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 наурыз 2016 г. 748 0